С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым-технологиялық парктің бос лауазымына орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Вакантты лауазымның атауы: Ғылыми-технологиялық парктің ұжымдық пайдалану орталығының кіші ғылыми қызметкері — 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Денсаулық сақтау/биология саласында жоғары білімі болуы;
– Ғылым және денсаулық сақтау саласында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы;
Мынадай құзыреттердің болуы:
– Тиісті клиникалық және зертханалық тәжірибенің жарамды сертификатының болуы (GCP және GLP);
– Негізгі зерттеу әдістері туралы негізгі түсінік, аналитикалық дағдылар, деректермен және ғылыми көздермен жұмыс істей білу.;
– Геномика саласындағы жабдықты және жұмыс әдістерін, оның ішінде секвенсерлерді, масс-спектрометриялық анализаторларды, деректерді талдау бағдарламалық қамтамасыз етуді және т.б. білу;
– Жазбаша және ауызша коммуникативті дағдылар;
– Мемлекеттік тілді және ең көп таралған шет тілдерінің бірін (ағылшын тілін) кәсіби деңгейде меңгеру, атқаратын қызметі шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік (шет) тілді толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.