С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылым-технологиялық парктің бос лауазымына орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Вакантты лауазымның атауы: Ғылыми-технологиялық парктің Фармация және фармакология орталығының косметология ғылыми-практикалық зертханасының меңгерушісі — 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
¾ Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім тиісті мамандықтар бойынша (медицина, фармацевтика немесе химия-технологиялық, химиялық);
¾ Ғылым кандидаты дәрежесі және/немесе PhD академиялық дәрежесінің болуы (3 жылға дейін ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ сәйкес салада жоғары білікті мамандар, тиісті жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалуы мүмкін);
¾ Ғылым, фармация немесе денсаулық сақтау саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мынадай құзыреттердің болуы:
– Жарамды стандартқа сай өндірістік тәжірибе (GMP) саласында біліктілікті арттыру туралы куәліктің болуы;
– Парафармацевтикалық өнімдерді әзірлеу саласында жарамды сертификаттың болуы;
– Фармация саласында, фармацевтикалық және парафармацевтикалық өндіріс технологиясында білімнің болуы;
– Ғылыми жобаларды басқару, зертханалар немесе басқа зерттеу топтарын жүргізу тәжірибесінің болуы;
– Зертханалық жабдықтарды және жұмыс әдістерін білу;
– Персоналды тиімді басқару, ғылыми дамуды ынталандыру және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу қабілеті;
– Деректерді талдау, трендтерді анықтау, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау, жаңа әдістерді әзірлеуге қатысу қабілеті;
– Жазбаша және ауызша түрде коммуникация дағдыларының болуы;
– Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның фармацевтикалық қызмет және парафармацевтикалық өнімдер өндірісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу.
– Мемлекеттік тілді және кеңінен таралған шет тілдерінің (ағылшын тілі) бірін Intermediate (B1) деңгейінде және одан жоғары меңгеру, мамандық бойынша мемлекеттік (шет) тілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.