С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының тәуелсіз сұраныс рейтингінің-2024 жеңімпазы
Халықаралық тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (бұдан әрі – АРТА) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының сұранысының тәуелсіз рейтингін-2024 өткізді.
ҚазҰМУ «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (Медицина)» бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингіне қатысып, нәтижелері бойынша 1 орын алды.
Сондай-ақ, бакалавриаттың білім беру бағдарламалары тобында 1 орынды В086 «Медицина», ВМ087 «Стоматология», В089 «Қоғамдық денсаулық сақтау» алды.
Магистратураның білім беру бағдарламалары тобында 1 орынға ие болды: 119 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»және М141 » Мейірбике ісі».
Докторантура салалары бойынша 8D11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (Медицина)» және D141 «Медицина» 2 орынға ие болды.
Университет ұжымын жоғары жеңісімен құттықтаймыз!