С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ғылыми қызмет жөніндегі проректордың бос лауазымына конкурс жариялайды
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94.
Бос лауазымның атауы: Проректор (ғылыми бағытқа жетекшілік етеді).
Функционалдық міндеттердің қысқаша сипаттамасы:
Ғылымиблоктыңқызметінежетекшілік етеді, аталғанқызмет бойынша нормативтікқұжаттардыңжобаларынәзірлейдіжәнекеліседі, университеттіңқұрылымдықбөлімшелерінің:ғылымдепартаментінің, Б. А. Атчабароватындағыіргеліжәнеқолданбалымедицинағылыми-зерттеуинститутының,Ғылымикітапхананың,магистратуражәнедокторантурабөлімінің қызметін үйлестірудіжәне қызметін жалпыбақылаудыжүзеге асырады, бекітугесәйкес,сондай-ақ барлықмектептер/ факультет бойынша жетекшілік ететін мәселелер,оныңішінде: университеттің ғылымиқызметініңбасымбағыттары, ғылыми-зерттеужұмысы бойынша (бұдан әрі-ҒЗЖ),
Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқару бойынша ішкі нормативтік – өкімдік құжаттаманы әзірлеу, университет қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми-техникалық бағдарламаларға, конкурстарға, гранттарға, көрмелерге,конференцияларға және т. б. қатысуына, уақытша ғылыми ұжымдардың қызметін үйлестіруге дербес жауапты болады; Басқарма Төрағасымен-ректормен келісімімен келісім-шарттарға, оның ішінде халықаралық, меморандумдар мен өзге де келісімдерге, жеке/заңды тұлғалардың өтініштеріне бұйрықтар, өкімдер мен жауаптарға және жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзге де құжаттарға қол қояды; өз құзыреті шеңберінде, оның ішінде магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері мен рецензенттерін тағайындау туралы бұйрықтар мен өкімдерге қол қояды, сеніп тапсырылған бөлімшелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды;
Университеттің жарғысына және басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өз қызметі шеңберінде өзге де функцияларды орындайды.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
1) қызмет бейіні бойынша жоғары білім;
2) PhD докторы ғылыми дәрежесінің не академиялық дәрежесінің болуы;
3) денсаулық сақтау не жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.
4) Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің болуы. Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша процентиль көрсеткіші 25-тен кем емес, Хирш индексі (h-index) көрсеткіші 3-тен кем емес халықаралық рецензияланатын журналдарда кемінде 3 жарияланған мақала болуы.
Іріктеуге қатысуға келесі азаматтар жіберілмейді:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) заңда белгіленген тәртіппен, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) ҚР заңнамасында көзделген басқа жағдайларда.
Іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) нысан бойынша қызметтік тізім;
3)іріктеуге қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері*.
*шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
*«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
*өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) ғылыми/академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
8) Алдағы 5 жылға арналған университет қызметінің жетекшілік ететін бағытын дамыту бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Іріктеуге қатысуға өтініш білдірген тұлғалар өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, куәліктер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет, Адам ресурстарын дамыту департаменті мекенжайы бойынша, немесе электрондық пошта [email protected] бойынша жүзеге асырылады.
Іріктеу орны: 2023 жылғы 24 шілде, Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1-корпус (ректорат), 3-қабат, кіші зал.
Анықтама телефоны: 87273387080 ішкі. 7080, 7021.