С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің отырысы аяқталды
Осы аптада Қазақ ұлттық медицина университеті үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға өтті. Еліміз алғаш рет ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің отырысын қабылдады. Ондаған елдердің өкілдері өңірдегі денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Өткізу орны ретінде Қазақстан таңдалғаны да кездейсоқ емес. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өткен сессиясында Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов Өңірлік комитет төрағасының атқарушы Вице – Президенті болып тағайындалды. Дегенмен, бұлда жалғыз себеп емес. Біздің еліміз ондаған жылдар бойы қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту векторы анықтаған халықаралық құжаттың пайда болуының отаны деп аталады. 1978 жылы 12 қыркүйекте Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алматы декларациясы қабылданды. Конференция бүкіл әлемде, әсіресе дамушы елдерде, техникалық ынтымақтастық рухында және жаңа халықаралық экономикалық тәртіпке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әзірлеу және енгізу бойынша жедел және тиімді ұлттық және халықаралық іс-қимылдарға шақырды. Ол үкіметтерді, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдарды, сондай-ақ көпжақты және екіжақты мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, қаржыландырушы мекемелерді, барлық медицина қызметкерлерін және әлемдік қоғамдастықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы ұлттық және халықаралық міндеттемелерді қолдауға және әсіресе дамушы елдерде техникалық және қаржылық қолдауды күшейтуге шақырды. Конференция жоғарыда айтылғандарды декларацияның мазмұнына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмекті енгізу, дамыту және қолдау саласында ынтымақтасуға шақырды. Декларация 10 бөлімнен тұрады және мүше мемлекеттер үшін міндетті емес.
Сол уақыттағы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шарманов осы халықаралық құжатты қабылдаудың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі болды. Қазір осы конференциядан 35 жыл өткен соң Қазақстан денсаулық сақтауды дамытудың жаңа маңызды бағыттарын айқындау үшін шетелдік делегаттарды қайта қабылдап отыр.