«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды
Бос лауазымның атауы:
– Халел Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бас маманы – 1 бірлік ( жүктілікке және босануға байланысты демалыс).
Негізгі талаптары:
1) Жоғары кәсіби білімі және магистр академиялық дәрежесінің болуы;
2) Еңбек өтілі кемінде 3 жылдан кем емес болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
1) Ұйымдастырушылық;
2) Жауапкершілік;
3) Коммуникабельділік;
4) Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.