«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Технологияларды коммерцияландыру орталығының басшысы – 1,0 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімі және магистр дәрежесінің болуы;
- Технологияларды коммерцияландыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде кемінде 1 жыл басшылық лауазымда жұмыс істеуі.
Келесі құзыреттердің болуы:
- Технологияларды коммерцияландыру нарығы мен үрдістері туралы базалық білімнің болуы;
- Зияткерлік меншік объектілерімен (патенттеу және лицензиялау негіздері) жұмыс істеу дағдылары;
- Потенциалды инвесторлар және серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникациялық және келіссөздер жүргізу дағдылары;
- Жаңа әзірлемелер мен жобалардың коммерциялық әлеуетін бағалау бойынша аналитикалық дағдылар;
- Инновациялық жобаларға сыртқы қаржыландыру тарту бойынша тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік тілді және кең таралған шетел тілдерінің бірін кәсіби деңгейде меңгеруі құпталады, бұл өз кезегінде атқаратын лауазым аясында мемлекеттік (шетел) тілін толыққанды қолдануға, іскерлік келіссөздер жүргізуге және құжаттамамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.