«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да резидентураның білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті
2025 жылғы 21-23 қазан аралығында «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да резидентураның білім беру бағдарламалары мен магистратураның білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімі шеңберінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті.
Аккредиттеу WFME / AMSE / ESG халықаралық стандарттарына бойынша жүргізіледі және Университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары мен мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейін растауға бағытталған.
Сапар барысында сарапшылар оқу процесін ұйымдастырумен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, ішкі құжаттамамен танысты, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен, резиденттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді. Комиссия мүшелері университеттің клиникалық базаларына барып, білім алушыларды оқыту және практикалық даярлау үшін жасалған жағдайларды бағалады.
Білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу Университеттің сапа, академиялық ашықтық және халықаралық тану қағидаттарына бейілділігін растайтын дамуындағы маңызды қадам болып табылады.