«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар іріктеу туралы хабарлайды
Іріктеу жүргізу (конверттерді ашу) уақыты: 06 мамыр 2022 жыл
Іріктеу жүргізу орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, Академиялық зал
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Абай даңғылы даңғылы, 91/6.
Акционерлік қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Сараптамалық, клиникалық және статистикалық зерттеулер жүргізу арқылы онкология, сәулелі диагностика және сәулелі терапия, ядролық медицина салаларындағы ғылыми-тәжірибелік және ұйымдық-әдістемелік жұмыстар;
- Стационарды алмастырушы технологиялар мен қазіргі заманғы медициналық технологияларды, ядролық медицинаның тиімді, инновациялық нәтижелі әдістерін пайдаланып жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- Денсаулық сақтау ұйымдарына онкология, сәулелі диагностика және сәулелі терапия, ядролық медицина саласындағы емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру мәселелері, жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұйымдық-әдістемелік көмек және кеңес беру;
- Онкологиялық қызметті дамыту стратегиясын және нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу;
- Республиканың онкологиялық қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламаларды енгізу және талдау;
- Клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу;
- Онкологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы және ерте анықтау мәселелері бойынша алғашқы медициналық жәрдем көрсететін ұйымдардың мамандарын оқыту, онкологиялық ауруларды анықтау үшін халықтың мақсатты топтары арасында скрининг жүргізу үшін мамандар даярлау, резидентурада, магистратурада, докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
- Қоғамның Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорына үміткерлерге қойылатын талаптар
1) саны кемінде 500 адам жұмыс істейтін ұйымда басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тұлға келесі жағдайда тәуелсіз директор болып сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
2) Осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болған, осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты болған;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғалар;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционердің өкілі болған тұлғалар;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды қағаз түрінде тапсыруы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
8) Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
9) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттарды тапсыру тәртібі
Іріктеу қатысушысы (үміткер) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып жабылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) «ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КЕАҚ-қа жолданады;
2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау және «________ дейін ашпау» («ҚазҰМУ» КЕАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 0500000, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 106 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, 87026467871 комиссия хатшысы Нагасбекова Баян Сериккановна