«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу туралы хабарлайды
Іріктеу жүргізу (конверттерді ашу) уақыты: 06 мамыр 2022 жыл
Іріктеу жүргізу орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, Академиялық зал
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әйтеке би, 120/25.
Акционерлік қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Амбулаторлық-поликлиникалық, алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық, стационарлық, стационар орнына көрсетілетін, жедел медициналық, төтенше жағдалрадағы медициналық көмек және медициналық реабилитацияның қайта қалпына келтіру емдері;
- Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет, атап айтқанда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларына, республиалық мақсатты ғылыми-медициналық бағдарламаларға қатысу, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында тәжірибеге енгізу үшін ғылыми-медициналық әзірленімдер жасау;
- Қоғам қызметінің бағыты бойынша медициналық-биологиялық сараптамалар, клиникаға дейінгі, клиникалық емес және клиникалық зерттеулер жүргізу, диагностикалаудың жаңа тәсілдерін пайдалану, емдеу және медициналық реабилитация;
- Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сонымен бірге дипломнан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру, резидентура арқылы ішкі медицина саласында жоғары білікті ғылыми кадрлар дайындау, соның ішінде жақын және алыс шетелден келген мамандар;
- Республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына қоғамның негізгі қызмет бағыты бойынша ұйымдық-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
- Қазіргі зманғы ақпараттық және телемедициналық технологияларды қоғамның ғылыми-тәжірибелік қызметіне енгізу;
- Қоғамның Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорына үміткерлерге қойылатын талаптар
1) саны кемінде 500 адам жұмыс істейтін ұйымда басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тұлға келесі жағдайда тәуелсіз директор болып сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
2) Осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болған, осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты болған;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғалар;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционердің өкілі болған тұлғалар;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды қағаз түрінде тапсыруы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
8) Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
9) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттарды тапсыру тәртібі
Іріктеу қатысушысы (үміткер) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып жабылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) «ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КЕАҚ-қа жолданады;
2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау және «________ дейін ашпау» («ҚазҰМУ» КЕАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 0500000, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 106 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, 87026467871 комиссия хатшысы Нагасбекова Баян Сериккановна