«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу туралы хабарлайды
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу туралы хабарлайды.
Іріктеу жүргізу (конверттерді ашу) уақыты: 06 мамыр 2022 жыл
Іріктеу жүргізу орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, Академиялық зал
Лауазымның атауы: тәуелсіз директор
Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 62
Акционерлік қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Жоспарлы және шұғыл хирургия саласында мамандандырылған және жоғары білікті емдік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы, поликлиникалық және үйде медициналық көмек көрсету;
- Сәулелі диагностика, соның ішінде магнитті-резонанстық және компьютерлік томография, радиологиялық, рентгендік, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологияны анатомиялық және цитологиялық диагностикалау;
- Бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және иммуноферменттік зерттеулер, жалпы клиникалық, серологиялық, патологиялық зерттеулер, ПЦР-диагностикалау;
- Акушерлік және гинекология, неонтология, аллергология, кардиология, гастроэнтерология, гепатология, нефрология, пульмонология, онкология, стоматология, неврология, эндокринология салалары бойынша мамандандырылған және жоғары білікті емдік-диагностикалық стационарлық, стационар алмастырушы, поликлиникалық және үйде ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету;
- Хирургиялық, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, ЛОР мүшелері, зәр шығару органдары, репродуктивті және эндокриндік органдарды, сондай-ақ басқа органдарды қоса, ауруларды диагностикалау және емдеу адам жүйелері, реконструктивті пластикалық хирургия, мүшелер мен ұлпаларды трансплантациялау, микрохирургия, анестезияның жаңа түрлері, қарқынды терапия және реанимация, зертханалық ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды орындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәжірибеге енгізу
- Медицина мен хирургия саласында нормативтік құқықтық актілер, халықаралық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
- Медициналық ғылымның жетістіктерін хирургиялық және ҚР заңнамасымен белгіленген басқа медициналық қызмет көрсететін мекемелердің тәжірибесіне енгізу;
- Мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде магистратура, докторантура арқылы ғылыми кадрларды, резидентурада медициналық мамандарды даярлау, хирург-дәрігерлер мен басқа сала дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.
- Қоғамның Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорына үміткерлерге қойылатын талаптар
1) саны кемінде 500 адам жұмыс істейтін ұйымда басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Тұлға келесі жағдайда тәуелсіз директор болып сайлана алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
2) Осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болған, осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты болған;
4) мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғалар;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционердің өкілі болған тұлғалар;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды қағаз түрінде тапсыруы қажет:
1) осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
8) Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
9) осы хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттарды тапсыру тәртібі
Іріктеу қатысушысы (үміткер) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып жабылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) «ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «ҚазҰМУ» КЕАҚ-қа жолданады;
2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау және «________ дейін ашпау» («ҚазҰМУ» КЕАҚ интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 0500000, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 106 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, 87026467871 комиссия хатшысы Нагасбекова Баян Сериккановна