«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» КЕАҚ №6 және №7 жатақханаларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы конкурстың қорытындысы туралы хабарландыру
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» КЕАҚ (бұдан әрі – «ҚазҰМУ» КЕАҚ) 2020 жылғы 02 қазанда Алматы қ., Төле би к-сі, 94-үй мекенжайы бойынша білім алушылардың жатақханада тұруын ұйымдастыру үшін
«№ 6 және №7 жатақханаларды әлеуметтік ынтымақтастық шарттарында мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы» конкурстың қорытындыларын хабарлайды.
Мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі туралы мәліметтер № 6 және №7 жатақханалар
«ҚазҰМУ» КЕАҚ, Алматы қаласы, Шагабутдинов көшесі, 140 үй мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 9 291,8 ш.м.
Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
- конкурстың шарттарына сәйкес № К-001/10/2020 лоты бойынша «№6 және № 7 жатақханаларды әлеуметтік ынтымақтастық шартымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы» конкурс өтті деп танылсын;
- 5 (бес) жылға мүліктік жалдау (жалға алу) мерзімімен білім алушылардың жатақханада тұруын ұйымдастыру үшін «№ 6 және №7 жатақханаларды әлеуметтік ынтымақтастық шартымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы» конкурстың жеңімпазы болып «PSP INTERNATIONAL (ПиЭсПи ИНТЕРНЭШНЛ)» ЖШС-не айқындалсын.