«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды: Тәуекелдерді басқару тобының бас талдаушысы
Бос лауазымның атауы: Тәуекелдерді басқару тобының бас талдаушысы
Тәуекелдерді басқару тобының бас талдаушысы – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Жоғары кәсіптік білімнің және басшы лауазымда кемінде бес (5) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
– негізгі нормативтік құжаттардың талаптарын, тәуекелдерді басқару негіздерін білу;
– жоспарлау, болжау, үдерістерді басқару саласындағы тәжірибе;
– мемлекеттік тілді және ең көп таралған шет тілдерінің бірін кәсіби деңгейде меңгеруі, атқаратын қызметі шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік (шетел) тілді толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу;
– мәселені тиімді шешу, басымдық бере білу, ұжымды біріктіре білу;
– іскерлік қарым-қатынас дағдылары, келіссөздер жүргізу;
– ұйымшылдық, жауапкершілік, эрудиция, адалдық, батылдық, парасаттылық;
– бақылау, жоспарлау және болжау қабілеті;
– әкімшілік дағдыларының болуы.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7023