«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды: Пайдалану жұмыстары департаменті (ПЖД) Студенттік қалашық бөлімінің жатақхана меңгерушісі
Бос лауазымның атауы: ПЖД Студенттік қалашығы бөлімінің жатақхана меңгерушісі – 1 бірлік.
Негізгі біліктілік талаптары: жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
– жатақхананың қызмет көрсетуші персоналының жұмысына басшылық жасау;
– жатақханаға келген студенттерді орналастыруды жүзеге асыру, қоныстанғандарды уақытылы және дұрыс тіркеуді және жатақханадан шыққан студенттерді шығаруды бақылау;
– жатын бөлмелері мен жалпы пайдалану орындарында үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру және тазалықтың сақталуын бақылау;
– электр желісінің, байланыс құралдарының, су құбырының, кәріздің және жатақхананың басқа да жабдықтарының жарамды жұмысын бақылау;
– құрал-жабдықты, төсек-орын жабдықтарын және басқа да қажетті мүлікті беруді және қабылдауды қамтамасыз ету;
– кету қағаздарын толтыру арқылы жатақханадан шығатындарды белгілеу және берешектің жоқтығы туралы анықтама беру;
– қолда бар мүлікті есепке алу, мүлікті мерзімді тексеру және оның сақталуын қамтамасыз ету;
– қажет болған жағдайда жатақханада тұратындар бүлдірген немесе жоғалған материалдық құндылықтарды есептен шығаруға актілер жасау, кінәлі адамдардан олардың құнын өндіріп алуға құжаттарды рәсімдеу;
– жатақхананың қажетті мүлікпен, жабдықтармен, құрал-жабдықпен және өрттен қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
– санитарлық және өрт қадағалау жазбаларының кітаптарын, сондай-ақ шағымдар мен ұсыныстар кітаптарын жүргізу, аталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау, жатақханада тұратындар мен талқылаушы персонал арасында туындайтын жанжалды жағдайларды шешу;
– мәдени-бұқаралық және тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
Болжамды жалақы: 180 000 теңге.
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.