«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды: Б.Атчабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ құрамына кіретін Неврология және қолданбалы нейроғылымдар ғылыми-білім беру орталығының Бас ғылыми қызметкері (БҒҚ):
Бос лауазымның атауы: Бас ғылыми қызметкер (БҒҚ) – 1 бірлік.
Негізгі біліктілік талаптары:
– жоғары медициналық білімнің болуы;
– ғылыми дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, PhD докторы);
– «Ересектер, балалар неврологиясы» мамандығы бойынша сертификаттың болуы;
– кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілінің / мамандығы бойынша өтілінің болуы;
– Scopus немесе Web of Science дерекқорларында индекстелетін рецензияланатын журналдарда жарияланған кемінде 2 және/немесе кемінде 5 ғылыми жұмыстың Хирш индексінің болуы;
– соңғы 5 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде) ;
– бас зерттеуші және/немесе бас өңірлік зерттеуші позициясында халықаралық ғылыми жобаларда жұмыс тәжірибесінің болуы;
– басқа басшылармен, факультеттермен, студенттермен, университет әкімшілігімен және сыртқы стейкхолдерлермен тиімді қарым-қатынас жасай білу;
– ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру, гранттарға өтінімдер дайындау, сондай-ақ мерзімдерді қадағалау, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;
– атқаратын лауазымы шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік (шет) тілді толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және неғұрлым кең таралған шет тілдерінің бірін меңгеру.
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.