«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ келесі лауазымдарға үміткерлерді іздеуді жариялайды: Call-орталықтың супервайзері
Бос лауазымның атауы:
Call-орталықтың супервайзері – 1 бірлік
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімнің болуы;
- Сall-орталықта супервайзер, аға менеджер, супервайзер/үйлестіруші, CRM-жүйелерде, Сall-орталық басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс тәжірибесінің кемінде 1 (бір) жыл болуы;
- Кәсіби деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін міндетті түрде меңгеру; ағылшын тілін меңгерген жөн.
Келесі құзыреттердің болуы:
- Сall-орталық операторларының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тиімділігін арттыру;
- Топты тиімді басқару (тапсырмаларды сауатты қою, орындау сапасын бақылау, қызметкерлерді оқыту және дамыту);
- Топ жұмысының тиімділігін бағалау, операторлардың жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау;
- Топтың жұмысын үнемі талдау және жетілдіру;
- Маркетинг, сауда және басқару негіздерін білу;
- Өз пікірін жеткізе білу, келіссөздер жүргізу, келісу, сендіру, қарсылықтар мен сындармен жұмыс істеу, жанжалдарды шешу;
- Қойылған міндеттерді орындау үшін адамдарды ұйымдастыра білу;
- Көшбасшылық қасиеттер, қызметкерлермен жұмыс істей білу, тиімді коммуникациялар құру, икемділік, қатысу;
- Жоғары жұмыс жылдамдығы және зейінділік.
- Мақсаттылық, стресске төзімділік, жауапкершілік.
- амаша қарым-қатынас және көшбасшылық дағдылар;
- Жауапкершілік және нәтижеге бағдарлану.
Негізгі міндеттері:
- Call-орталық командасын оқыту және ынталандыру, сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарау және клиенттерге қолдау көрсету, бөлімнің қолайлы атмосферасымен жұмыс істеу;
- Операторларға жұмыста барлық қажетті қолдауды көрсету, клиенттермен қиын/стандартты емес жағдайларда және ұйымдық мәселелерде-бекітілген регламенттер шегінде көмектесу, мәселені өз бетінше шешу мүмкін болмаған жағдайда-басшыға шұғыл баяндау;
- Барлық жұмыс мәселелері бойынша басқа бөлімдердің әріптестерімен өзара әрекеттесу. Операторлардан шешуді талап ететін сұрақтарды алу, оларды бақылауға алу, басқа қызметтерге эскалациялау, жауаптарды бағынысты операторларға беру;
- Операторлардың жұмысын, тәртіптің сақталуын бақылау;
- Операторлардың жұмыс кестесін жасау;
- Операторлардың дағдыларын жақсарту үшін тренингтер, коучингтер, нұсқамалар, оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады және өткізеді;
- Операторлардың жұмысына талдау жүргізеді және жақсартуды қажет ететін салаларды анықтайды.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 109 кабинет (әкімшілік департаменті) немесе [email protected] электрондық мекенжай арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387030, ішкі 77-57 телефон арқылы алуға болады.