«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың конкурсын жариялайды
Бос лауазымның атауы:
- Медицина және қоғамдық денсаулық орталығының меңгерушісі – 1 бірлік.
Негізгі талаптар:
- Денсаулық сақтау саласында жоғары білімі;
- Ғылым кандидаты академиялық дәрежесі немесе PhD докторы академиялық дәрежесі құпталады;
- Денсаулық сақтау саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.
Келесі дағдылардың болуы қажет:
– клиникалық практика негіздері, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саясатын қоса алғанда, медицина саласындағы білім.
– халықтың денсаулығын жақсарту және аурулардың алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру мүмкіндігі.
– ғылыми деректер мен статистика негізінде деректерді талдау және негізделген шешім қабылдау қабілеті.
– тиісті клиникалық және зертханалық тәжірибенің жарамды сертификатының болуы (GLP және GCP);
– зертханалық жануарларды ұйымдастыру, күтіп-баптау және күту бойынша біліктілігін арттыру сертификатының болуы;
– дәрілік заттардың сапасын бақылау және талдау әдістері саласындағы қажетті білім мен құзыреттілік;
– ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына, оның ішінде халықаралық ғылыми бағдарламаларға немесе бизнес құрылымдармен конкурстарға қатысу;
– Атқаратын лауазымы, іс жүргізуі шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік (шетел) тілді толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік тілді және кең таралған шет тілдерінің бірін кәсіби деңгейде білгені абзал. келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.