«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Толе би көшесі, 94
Лауазымның атауы: Декан
1. Жалпы медицина мектебі 1 – 1.
2. Жалпы медицина мектебі 2 – 1.
3. Педиатрия мектебі – 1.
Жалақы: 300 000 тг. + ауыспалы бөлігі
Декан қызметінің лауазымдық міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Мектептің/факультеттің даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен және мектеп / факультет қызметінің бағыттары бойынша басқа ұйымдармен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады; мектептің/факультеттің оқу, ғылыми, әлеуметтік-тәрбиелік және қаржылық жұмысына басшылық жасайды, оқу процесін ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдастырады. Мектеп/факультеттің кафедра меңгерушілеріне, қызметкерлеріне және студенттеріне əкімшілік басшылық жасайды, мектеп/факультеттің құрамына кіретін оқу және ғылыми бөлімдердің қызметін үйлестіреді. Мектеп/факультеттің кадрлық саясатын анықтайды. Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Мектеп/факультет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Декан мектеп/факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі болады. Мектеп/факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді. Студенттік ортада және мектеп/факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында ізгілікті, моральдық тұрғыдан салауатты қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырады, мектеп/факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді; факультеттің студенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын қадағалайды.
Мектеп/факультет деканы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Мектеп / факультет деканы лауазымына келесі талаптар қойылады:
- Жоғары білімінің болуы;
- Ғылыми дәрежесінің немесе философия (PhD)/бейіні бойынша доктор
академиялық дәрежесінің болуы;
- 5 жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық өтілінің болуы;
- Жоғары білім саласында басшы лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
- Соңғы бес жылда білім беру/денсаулық сақтау менеджменті бойынша
біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (36 сағаттан кем емес);
- Мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін атқаратын лауазымы шеңберінде толыққанды қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде білу;
- Ағылшын тілін меңгеруі:
7.1. Халықаралық факультет деканына міндетті түрде. Мүмкіндігінше TOEFL – 525, IELTS – 5,5, Ұлттық тестілеу орталығының – 75-тен төмен емес деңгейінде меңгеруі туралы сертификат немесе шетелдік ЖОО-ның ағылшын тілінде білімі туралы дипломының болуы.
7.2. Басқа факультеттердің декандары үшін – мүмкіндігінше.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңдары және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістері; оқу жоспарларын құру тәртібі; оқу жұмысына арналған құжаттаманы жүргізу ережесі; педагогика, физиология, психология; кәсіптік оқыту әдістемесі; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи формалары мен әдістері; экономика негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде суретпен түйіндеме;
2) жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік білімінің, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы белгіленген тәртіппен берілген анықтама;
5) алдын-ала медициналық тексеруден өткенін растайтын құжат;
6) наркологиялық ұйымында тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
7) жүйке-психиатриялық ұйымында тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
8) соңғы жұмыс орнынан ұсыныс;
9) соңғы бес жылдағы қызметтің нәтижелері (жеке жетістіктері) (растайтын құжаттар қосымша тіркеледі).
10) мектепті/факультетті дамытудың бес жылға арналған бағдарламасының презентациясы (электронды түрде, 10 слайдтан аспайды).
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би к-сі, 94, 1 ғимарат, 108 кабинет, Адам ресурстарын дамыту басқармасы немесе [email protected], [email protected] электрондық пошта арқылы.
Анықтама үшін телефон: 3387080 ішкі. 7080, 7023