«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың (ішкі ізденісін) жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: кафедра меңгерушісі:
Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы: 540 000 тенге + ғылыми дәреже үшін қосымша ақы.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Кафедрабейіні бойынша жоғарыбілімніңболуы;
- Ғылымдокторы/кандидаты/PhD докторы дәрежесініңжәнеғылымиатағыныңболуы;
- Білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарындабасшылықлауазымында3 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- Оқытылатынпәндербейінінесәйкессоңғы3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат);
- Соңғы3жылдың ішіндебілім беруде менеджментбойыншабіліктіліктіарттырутуралысертификаттыңболуы(кемінде36сағаткөлемінде);
- Соңғы3жылдың ішіндепедагогикалыққұзыреттербойыншабіліктіліктіарттырутуралысертификаттыңболуы(кемінде36сағаткөлемінде);
- АғылшынтіліндеоқытатынтоптардасабақжүргізуүшінағылшынтілінмеңгергеніжәнеTOEFL–525,IELTS–5,5,ҰТО-75деңгейінентөменемесдеңгейдеTOEFL,IELTSнемесеҰлттықтестілеуорталығыныңсертификаты немесе шетелдікжоғары оқу орнының ағылшынтіліндегібілімітуралыдипломы болғаны жөн.
- Лауазымдық міндеттері:
1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру
жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) кафедрада студенттердің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие,
өндірістік жұмысы мен практикасына басшылықты жүзеге асырады;
4) оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді, оқытуда техникалық құралдарын қолдануды, кураторлардың тәрбие жұмысын, кафедралардың жұмыс жоспарларын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын, кафедраның оқу пәндерінің жұмыс бағдарламаларын орындауды, профессор-оқытушылар құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемесін орындауды, дәріс, зертханалық, практикалық сабақтарды, семинарларды, оқу, өндірістік сабақтарды өткізуді және диплом алдындағы практика бақылауды жүзеге асырады;
5) кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысын болашаққа жоспарлау, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік кеңестерін, семинарларын, ашық сабақтарын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
7) кафедра отырыстарында төрағалық етеді;
8) кафедра қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын жариялауға ұсынады;
9) жоғары оқу орнының басшылығына белгіленген мерзімде кафедраның жұмысы бойынша есеп береді.
10) Оқыту: студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаларын ескере отырып, оқу сабақтарының барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми мектептерді дамыту үшін жаңа бағыттарды айқындау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заманауи парадигмалардың өзекті идеялары мен инновацияларын практикада іске асыру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша); әлемдік трендтерге сәйкес (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша) білім беру процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу.
11) Ғылыми зерттеулер жүргізу: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) жұмыстарды орындауға бастамашылық жасау, басшылық ету және/немесе қатысу; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру ортасында ғылыми мектепті ұйымдастыру және ілгерілету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (институттар, орталықтар, кафедралар, ғылыми зертханалар) құрылымдық бірліктерінің ғылыми бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік ету және қатысу; ғылыми нәтижелілік пен жариялау белсенділікті арттыру; ұлттық және халықаралық деректер базаларымен жұмыс істеу; ғылыми жобаларға басшылық жасау/ консультация беру кезінде зерттеулердің тиісті сапасын қамтамасыз ету, зерттеу.
12) Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: барлық деңгейдегі әдістемелік комиссиялар мен кеңестердің құрамында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басқару және оған қатысу; жетекшілік ететін пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылау; білім беру процесінде инновациялық ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану; іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау; ғылыми-зерттеу мектептерін қалыптастыру және дамыту.
13) Білім алушы жастарды әлеуметтендіру: ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаларын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаларын сақтау.
14) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің стейкхолдерлерімен өзара әрекеттесу: білім алушылармен кәсіптік-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әріптестерімен және қызметкерлерімен іскерлік, конструктивті байланысты (оның ішінде топтық және коллаборативтік) құру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу; білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; даярлау бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Кафедраның бес жылға арналған даму бағдарламасын даярлау (көлемі 10 слайдтан аспайды).
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022, 7236 телефоны арқылы алуға болады.