«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Лабораториялық жануарлармен жұмыс жөніндегі Виварий маманы– 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Тиісті мамандық бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
- Мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Қосымша арнайы дайындыққа қойылатын талаптар:
- бейіні бойынша ғылым магистрі дипломының болуы;
- тиісті клиникалық және зертханалық практика бойынша (GLP және GCP) жарамды сертификаттың болуы;
- лабораториялық жануарларды ұйымдастыру, ұстау және күту бойынша біліктілікті арттыру сертификатының болуы.
- Мемлекеттік тілді және кеңінен таралған шет тілдерінің бірін сөйлесу деңгейінде меңгеруі (мемлекеттік тілді тиісті лауазым аясында толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттармен жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуі).
- Клиника (виварий) және/немесе ветеринарлық клиника ұйымдастыру, лабораториялық жануарларды ұстау мен күту мониторингін басқару саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы; лабораториялық жануарларда эксперименттік зерттеулер жүргізу тәжірибесінің болуы құпталады.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.