С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Б. Атчабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының басшысының орынбасары лауазымына конкурс жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Б.Атчабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының басшысы -1 бірлік.
Негізгі талаптар:
– Жоғары биомедициналық немесе фармацевтикалық білімнің болуы.
– Жұмыс өтілі кемінде 8 жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл болуы;
– Білім беру ұйымдарында Менеджмент және ғылыми-зерттеу жұмысының инновациясы саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
– Ғылыми-зерттеу жұмысының менеджменті саласында қызметкердің біліктілігін арттыруды растайтын сертификаттардың болуы;
– Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда соңғы 5 жылдағы ғылыми мақалалардың болуы.
– Ғылым кандидаты немесе PhD докторы академиялық дәрежесі құпталады.
Мынадай құзыреттердің болуы: көшбасшылық, бақылау және үйлестіру, стратегиялық ойлау, ұйымдастырушылық қабілеттер, командада жұмыс істеу, тиімді коммуникация техникасы, өкілеттіктерді беру.
Түйіндемені қабылдау Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет
мекенжайы бойынша, немесе [email protected], [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты тел. 87273387058, ішкі тел. – 7021, 7022 арқылы алуға болады.