С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің «Ортодонтия» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс резиденттерінің назарына!
Академиялық ұтқырлық шеңберінде Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтына (Өзбекстан) оқуға іріктеу конкурсы жарияланады.
Құрметті ҚазҰМУ резиденттері!
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің «Ортодонтия» мамандығы бойынша 1 курс резиденттері үшін академиялық ұтқырлық бойынша Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (Өзбекстан) 28.05.2025 ж.-04.07.2025 ж. аралығында оқуға баруға үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жол ақысы (ұшақпен) шығыны Университет қаражаты есебінен төленеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ағылшын тілін қабылдаушы білім беру ұйымы көздеген деңгейде білуі керек;
- Оқу үлгерімі – GPA 2,5-ден төмен болмауы керек (транскрипт);
- Академиялық қарыздың болмауы қажет;
- Оқу тәртібін және этикалық нормаларды бұзушылықтардың болмауы керек;
- Төлқұжаттың болуы (паспорт);
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
- Конкурстық іріктеу нәтижелері аталған мамандық бойынша 3 резидент іріктеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (Портфолио):
- Мотивациялық хат;
– СV (түйіндеме);
- GPA орташа баллы 2,5-ден төмен емес (транскрипт);
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Ағылшын тілін білетіні туралы сертификат көшірмесі (бар болса);
- Резиденттің ҚазҰМУ-да оқитыны туралы анықтама;
- Университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне қатысуын растайтын дипломдар, сертификаттар.
Үміткерлер жинаған құжаттарын дипломнан кейінгі білім беру факультетіне және көшірмелерін корпоративтік поштаға ([email protected]) 15.04.2025 ж. дейінгі мерзімде өткізуі қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Дипломнан кейінгі білім беру факультетіне (мекенжайы: Маметова 3 көшесі, Пушкин көшесінің қиылысы, 2 қабат, №16 бөлме) хабарласуыңызды сұраймыз.