С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина мектебі-2 2020 – 2021 оқу жылында «Саналы ұрпақ» студенттік клубының алғашқы отырысы өтті
2020 жылдың 8 желтоқсанында «Zoom» платформасы арқылы «Жалпы медицина – 2» мектебінің «Саналы ұрпақ» студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының 2020-2021 оқу жылындағы алғашқы кездесуі өтті.
Кездесуге 20-дан астам адам қатысты – студенттер клубының мүшелері, сонымен қатар шақырылған қонақтар: – «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КЕАҚ комплаенс-офицері Төлетаев Болатбек Сүлейманұлы, «Жалпы медицина – 2» мектебінің студенттер ұйымдарының төрағасы Жұбандықов Заңғар және «урология» мамандығының резиденті Давранов Хуршидбек Равшанбекұлы.
Кездесу тақырыбы: «Дәрігер жұмысындағы академиялық адалдық: мәселелері және оларды шешу жолдары», кездесу басында клуб кураторы Исаева Меруерт Нұртайқызы және «Саналы ұрпақ» клубының төрағасы Исмаилов Шахмурат Тайыржанұлы қатысушыларды «Саналы үрпақ » студенттік клубының мақсатымен, міндеттерімен және жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жұбандықов Заңғар өз сөзінде қазіргі кездегі университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуал туралы айтып, оны қолайлы деп атады, яғни біздің университетте жемқорлық жоқ және Саналы Ұрпақ сияқты студенттер клубының болуының маңыздылығын атап өтті.
Давранов Хуршидбек қазірдің өзінде тәжірибелі дәрігер ретінде практикалық денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жай-күйі туралы бөлісті және медицинадағы сыбайлас жемқорлықтың немен аяқталуы мүмкін екенін атап өтті.
2020-2021 оқу жылының басында Жалпы медицина мектебі-2 электронды сенім жәшігін ашқан. 0812.2020 дейін есеб қаралды. Студенттерден ешқандай шағымдар мен хаттар болған жоқ. (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe7PW8L3bkzW_GDkTl7h6AQcKJijKUcmNg7WIqwTo38m8L-9w/viewform?usp=sf_link)
Сондай-ақ, кездесу барысында студенттер «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы жылындағы мақсатымен, міндеттерімен және жұмыс жоспарымен таныстырылды.