С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларына Ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессоры (доцент)
- Мейіргерлік іс кафедрасы – 1,0 бірлік;
- Қарынбаева С. Р. атындағы қалыпты анатомия кафедрасы – 1,0 бірлік;
Кафедраның ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессоры (доцент)
Болжамды жалақысы – лауазымдық айлықақы 406 600 теңгеден бастап.
Ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессордың (доцент) лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаларын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнату; әлемдік трендтерге сәйкес (жоғары оқу орнын даярлау бағыты бойынша) білім беру процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; мамандықтағы инновацияны оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша).
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) орындауға басшылық жасау және/немесе қатысу; жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тарту; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық ету және оларға қатысу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құрылымдық бірліктерінің ғылыми бағыты бойынша (Институттар, орталықтар, кафедралар, ғылыми зертханалар); ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру; ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу; жас ғалымдардың зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу; зерттеушілік, оның ішінде жас ғалымдардың жариялау белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік жұмысты және оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу сапасын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау ; жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылау, жинақтау және әзірлеу; жоғары білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысу.
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаларын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаларын сақтау.
Білім алушылармен кәсіптік-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әріптестерімен және қызметкерлерімен іскерлік, сындарлы коммуникацияны (оның ішінде командалық және коллаборативтік) құру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу; білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; даярлау бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессордың (доцент) лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары білімнің болуы;
- Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы берген «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағының, бейіні бойынша ғылым докторы/кандидаты/философиядокторы(PhD)/дәрежесінің болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызметтің жұмыс өтілі немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл болуы;
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша медициналыққ ызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат болуы);
- Соңғы 3 жылдың ішінде педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
- Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL–525, IELTS–5,5, TOEFL, IELTS немесе Ұлттық тестілеу орталығының сертификаты немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы дипломы болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатынпәндербейінінесәйкессоңғы3жылдакемінде72сағаткөлеміндебіліктіліктіарттырутуралысертификат(куәлік)
- Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша.
Анықтама телефоны: 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236