С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларына лектор лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Кафедра лекторы
1. Клиникалық фармакология кафедрасы – 1,0 бірлік.
Кафедра лекторының болжамды жалақысы: Лауазымдық айлықақы 321 000 теңгеден бастап;
Лектор лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Ұйымдастыру және өткізу – дәрістік, семинарлық және тәжірибелік сабақтарды студентке бағдарланған оқыту мен бағалау қағидаттарын ескере отырып; оқытылатын пәндер бойынша білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; бакалавриат білім алушыларымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, кері байланыс орнату; оқу сабақтарын жүргізуде мамандықтың ерекшелігін (жоғары білім беру бағыты бойынша) ескеру; кәсіби саладағы инновацияларды (жоғары білім беру бағыты бойынша) оқу процесіне енгізу.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/шығармашылық жобаларды орындауға қатысу; ғылыми Нәтижелілік пен жариялау белсендігін арттыру; бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу; бакалавриат білім алушыларының ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; кәсіби біліктілікті арттыру; бакалавриаттың семинар/практикалық сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану.
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау. Білім алушылармен, әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру; әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен командада жұмыс істеу;
Білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту; дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; әр түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Лектор лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) «Маман» біліктілігі бар жоғары білімнің және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы (ғылыми-педагогикалық магистратура / резидентура / докторантура);
2) Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі ассистент лауазымында кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
3) Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат мамандықтар);
4) Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
5) Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5 немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
1. Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
2. ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
3. Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
6. № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
7. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
9. Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
10. Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
12. Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1. Басқарма Төрағасы-ректордың атына өтініш (1 корпус, 104 кабинет)
2. Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері): соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру туралы, ғылыми тағылымдамадан өту туралы сертификаттардың көшірмелері және т. б., негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі, ағылшын тілі бойынша сертификаттар және т. б.)
3. Флюрография,
4. Профессордың, қауымдастырылған профессордың, лектордың, ассистенттің бос лауазымдарына орналасуға арналған оқу бағдарламасы бойынша жобаның, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады. [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны: 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236