С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ » КЕАҚ білім алушылары үшін ақпарат Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының жергілікті бюджет қаражаты есебінен одан әрі оқу үшін жергілікті атқарушы органдардың грантына ақылы негізден ауысуға арналған конкурс
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да ақылы негізде Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарыныңбарлық білім алушылары жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірушілерге 2022 жылдың 12 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының ЖАО білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш беруі қажет (Қосымша 1).
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (сканерленген құжаттарды декан орынбасарының электронды почтасына жіберу және құжаттардың түпнұсқасын деканатқа өткізу қажет);
– Жамбыл, Алматы, Жетісу облысында тұратыны растайтын құжат;
– Орта білім туралы Аттестат;
– АИС «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
Көрсетілген күннен кейін құжаттар қабылданбайтынына назар аударыңыз.
Қосымша -1
Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстары бойынша білім беру гранттарының саны
№ | Мамандығы | Оқу деңгейі | курсы | Босаған грант саны |
Облысы
|
В086-Общая медицина | бакалавриат | 4 | 2 | Алматинская | |
В089-Общественное здравоохранение | бакалавриат | 4 | 1 | Жетысуская | |
В086-Общая медицина | бакалавриат | 4 | 1 | Жамбылская | |
Жалпы саны: | 4 |