«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Иран мәдени орталығының өкілдерімен кездесу өткізді
Қазақ ұлттық медицина университетінде Иран мәдени орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мухсин Фагани мырза, Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас Консулдығы жанындағы Мәдениет өкілдіктің жаңадан тағайындалған басшысы Хусейн Агазаде мырза, сонымен қатар ҚазҰМУ өкілдері С.Ж.Асфендиярова Басқарма төрағасы – Ректор Шоранов Марат Едігеұлы, академиялық блок бойынша проректор Қалматаева Жанна Амантайқызы, корпоративтік даму жөніндегі проректор Датхаев Убайдулла Махамбетұлы, клиникалық блок бойынша проректор Сұлтанғазиева Светлана Елеусізқызы, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастықты басқару бөлімінің басшысы Степкина Елена Леонидовна, академиялық жұмыс департаментінің басшысы Ташетова Айгүл Балабекқызы, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Садықова Асель Даулетбаевна қатысты.
Кездесуде академиялық және ғылыми ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктері, соның ішінде профессорлар мен студенттермен алмасу, қос ғылыми дәрежелер беру және Алматыда Иран медициналық университетінің филиалын құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ҚазҰМУ дипломын Иранда тану, білім гранттарымен алмасу, 1-6 айға созылатын профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері және екіжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелері қарастырылады.
Оған мүмкіндік зор, өйткені бүгінде «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Иран университеттерімен 2 меморандум рәсімделген.
– Шахида Бехешти атындағы медициналық ғылымдар университетінің Фармацевтикалық ғылыми-зерттеу орталығымен меморандум
Ректор проф. Фаршад Ширази,
09.02.2018 жылы қол қойылған
– Иран медициналық ғылымдар университетімен – Iran University of Medical Sciences (IUMS) меморандум
Қол қойылған 06.05.2023
Ректор проф. Абдолреза Пазуки
Басқарма төрағасы – ректор Шоранов Марат Едігеұлы қонақтарды достық ниетпен алдағы халықаралық «Асфен-Форум» шарасына қатысуға шақырды.