С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Жалпы хирургия және топографиялық анатомия» кафедрасының ассистенті «Қазақстанның үздік медицина қызметкері» атты республикалық байқауының жеңімпазы атанды
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «жалпы хирургия және топографиялық анатомия» кафедрасының ассистенті, дәрігер хирург Ахметов Досымжан Махмутұлы «Тәулесіз ел жастары» қоғамдық қорының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізген «Қазақстанның үздік медицина қызметкері» атты республикалық медицина қызметкерлерінің байқауына қатысып жеңімпаз атанды. Жалпы бұл іс-шараның мақсаты: Еліміздегі медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және олардың жұмыстарын жұртшылыққа кеңінен насихаттау болып табылды. Байқау 3 кезеңдік сатыдан тұрды. Қорытынды марапаттау кеші 2023 жылдың 09 желтоқсанында өтті және де сол кеште жеңімпаз атанған Ахметов Д.М. келесідей арнайы марапаттар берілді:
-«Тәуелсіз ел жастары» Қоғамдық қорының арнайы тағайындаған «Қазақстанның үздік медицина қызметкері» төсбелгісі;
-Төсбелгіні растайтын Куәлік;
-Құрмет грамотасы;
-Қатысушыға қолдау білдіргені үшін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басқарма басшысы Шоранов М.Е. атына Алғыс хат берілді.
Қорытынды марапаттау кешіне денсаулық саласының үздіктері, қоғам қайраткерлері, елімізге танымал тұлғалар қатысты.
Жалпы Ахметов Досымжан Махмутұлының денсаулық сақтау саласындағы жұмысы 2017 жылдан бастау алған. Қармақшы аудандық орталық ауруханасы, (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) жалпы хирург (Аудандық орталық аурухананың кезекші дәрігері, емханада науқастарды қабылдау) қызметін атқарған.Одан соң Алматы қаласындағы №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасының “Телемедицина орталығында” Covid-19 диагнозымен үй карантинінде жатқан науқастармен жұмыс жөніндегі кеңесші дәрігер қызметін атқарды. Және де көптеген жеке медициналық орталықтарда қызмет атқаруда. 21.09.2022 бастап бүгінгі күнге дейін С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Жалпы хирургия және топографиялық анатомия» кафедрасының ассистенті ретінде қызмет атқарып келеді. Жоғарыда аталған марапатқа дейін 2021 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар. Мемлекетіміздің басты жетістіктері» атты республикалық конференция аясында өткізілген республикалық байқаудың жеңімпазы атанып «ҚР ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» төс белгісімен және дипломмен марапатталған. Досымжан Махмутұлы денсаулық сақтау саласында клиникалық және ғылыми – педагогикалық қызметті қатар алып жүрген білікті маман иесі.