С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор ассистенті лауазымына конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94
Бос лауазымның атауы: Профессор ассистенті:
- Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы – 1 бірлік.
- Микробиология, вирусология кафедрасы – 1 бірлік.
Кафедра профессор ассистентінің болжамды жалақысы: лауазымдық айлықақы 342 400 теңгеден бастап
Профессор ассистенті лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидасын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат білім алушыларымен кері байланыс орнату; оқу сабақтарын өткізуде кәсіптің ерекшелігін (жоғары білім беру бағыты бойынша),
Ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бакалавриат және магистратура білім алушыларын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тарту,ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: оқу сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің ықпалдасуын қамтамасыз ету; оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану; жас оқытушыларға тәлімгерлікті жүзеге асыру,білім алушы жастарды әлеуметтендіру:
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау,
Білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту; дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; әр түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Профессор асситенті лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- «Маман» біліктілігі бар жоғары білімнің және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы (ғылыми-педагогикалық магистратура/резидентура/докторантура);
- Ғылыми-педагогикалық қызметтің жұмыс өтілікемінде 5 (бес) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті). жыл, ғылыми дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі талап етілмейді.
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың(куәліктің)болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат мамандықтар);
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
- Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL–525, IELTS–5,5, TOEFL, IELTS немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификат (куәлік)
- Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т.б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
- Басқарма Төрағасы-ректордыңатынаөтініш(1корпус,104кабинет)
- Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жекежетістіктері): соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру туралы, ғылыми тағылымдамадан өту туралы сертификаттардың көшірмелері және т. б., негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі, ағылшын тілі бойынша сертификаттар және т. б.)
- Флюрография
- Профессордың, қауымдастырылған профессордың, лектордың, ассистенттің бос лауазымдарына орналасуға арналған оқу бағдарламасы бойынша жобаның, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы (электрондық түрде,көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны: 8-727- 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236