С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің оқу үрдісіне үш тілде оқыту (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) әдісін енгізу
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің оқу үрдісіне үш тілде оқыту(қазақ, орыс, ағылшын тілдері) әдісін енгізу
Медицина ғылымдарының докторы, жедел медициналық жәрдем көрсету кафедрасының профессоры А.Т.Мусаевтың жетекшілігімен 5 курс, 73, 71 және 48 топ студентерінің «Электро жарақат» сабақ тақырыбында үш тілде оқыту әдісі негізін тапты. Сабақты талқылау кезінде кафедра меңгерушісі, профессор, медицина ғылымының докторы К.М.Турланов, кафедра доценты А.И.Нуфтиева, кафедра ассистенттері А.К.Турланова, М.М. Құндызбаева қатысты. Баяндама жасауға қатысқан студенттер – Жанен З., Ускенбаева А., Омаров А., Бекниязова А., Тагаева Г., Зинал А., Мадиева А., Құлтасова П., Өтегенов Н., Сатекбаева А., Сейдахмет А., Қасымбекова Г., Нұрмағанбет С.
Студенттерді бұл әдіспен оқытудың мақсаты бұл үш тілде оқыту және әр түрлі нозологиялық ауруларға байланысты сабақ тақырыптарында осы әдісті қолдана отырып, дайындалу. Талқылау кезіндегі студенттердің белсенді қатысуы, баяндама соңында студенттердің теориялық және тәжірибелік білімнің көрініс беруібұл әдістің тиімділігін көрсетті.
Студенттердің «Электро жарақат» тақырыбындағы баяндамасын қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгермеуіне қарамастан, 3 тілде баяндап, нашар білетін тілді меңгеру деңгейін жоғарылатуға құлшынысын тудырды.
Университет ректоры Ақанов А.А. бастамасымен білім беру жүйесіне үш тілде оқыту (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) әдісін енгізу студенттердің оқу үрдісінде қолдау көрсетілетін болады.