С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері әлемдік бәсекелестікке бірге қадам жасайды
Университеттің Этикалық кеңесі, Студенттермен жұмыс жасау басқармасы (студентттерді әлеуметік қолдау және қызмет көрсету бөлімі), стоматология факультеті деканатының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы және 1 курс студенттерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл –менің болашағым» ақпараттық насихаттау шарасы аясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасын талқылау бойынша «Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы» атты іс-шара өтті.
ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің төрайымы, профессор Ж.Г. Мустафина Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген нақты бағыттар бойынша мысалдар келтіре отырып, кең түрде мағлұмат берді. Университет студенттерінің оқу саласында терең білімділігі, жоғары мәдениеттілігі, әдептілігі, біліктілігімен қатар, сананы жаңғырту арқылы бәсекелестік қабілетті арттыра отырып, табысқа жетуге мүмкіндік алатынына баса назар аударды. Прагматизм мен реализм – таяу онжылдықтың ұраны ретінде қарастырылады, яғни, замануи қоғамның мәдениеті – ұстамдылық, қарапайымдылық, қанағатшылық қасиеттерді сақтап, нақты мақсатқа жетуге, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуде әр нәрсені ұтымды пайдалану. Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтай отырып, жаңғыру. Әрбір жеке тұлғаның табысты болуының іргетасы өзекті білім және өркендеу мүмкіндігін тек эволюциялық даму ғана беретінін, замануи адам, ол жаңалыққа жаны құмар, ашық саналы адам екенін ұғындырып айтты.
Осы ойды, әрі қарай стоматология факультетінің деканы Б. Амантаев жалғастырып, бағдарламаның студенттерге білім беруде алатын рөліне, маңыздылығына тоқталды. Университет студенттерінің әдептен озбай, ұлттық тәрбиенің құндылықтарын сақтап, терең білім алуларына барлық жағдай жасалғанына көңіл аударды.
Жиынның модераторы, студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Р. Жармағанбет, әлемдік бәсекелестікке бастап апарудың басты тетігі болатын латын әліпбиіне өту – заман көшіне ілесу, яғни, ұлттық рухани және саяси бірегейлігін айқындайтын, сонымен қатар, оны тарату технологияларының мүмкіндіктерін кең қолдануға жол ашатын қадам екеніне тоқталды. Бұл өзгеріс, осы қоғамда өмір сүретін әр адамға да қатысты реформа болғандықтан, ешкімді енжар қалдырмайтынын атап өтіп, жиынға қатысушыларды ой бөлісуге шақырды.
«Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі» кафедрасының доценті Т. Зайсанбаев «Халықаралық терминдерді латын әліпбиімен жазу» тақырыбындағы баяндамасында сөзжасамның синтетикалық, сөздерді біріктіру мен қосарлау тәсілдеріне тоқталды.
«Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы Н. Төлеева «Латын әліпбиі: артықшылығы және басым бағыттары», «Латын тілі курсымен орыс тілі және кәсіби орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы З. Кокенова «Латын әліпбиі – қазақ тілінің көкжиегі» атты тақырыптарда өз ойларымен бөлісті.
Студенттер атынан сөз алған Ж. Жамашев, А. Сартаевалар да бүкілхалықтық талқылауға қатысып, латын тілін күнделікті өмірде байланыс деңгейінде қолданып келе жатқандарын, болашақта әлемдік бәсекелестікке қол жеткізу үшін жаңа технологиялар мен ағылшын тілін терең игеруде маңызы зор екенін атап өтіп, қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Маңызды іс-шараға «Егеменді Қазақстан» газетінің журналист-шолушысы С. Парманқұлов мырза қатысты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша жиналған материалдарданУниверситет кітапхана қызметкерлерінің көмегімен арнайы көрме әзірленіп көрсетілді, стоматология факультеті деканының тәрбие ісі бойынша орынбасары А. Жексембиева ұйымдастыру шараларына ат салысты. Студенттер қызығушылық танытып, ынтамен қатысып отырды. Аталған іс-шаразор жауапкершілікпен ұйымдастырылған түрде өтті.
ҚазҰМУ этикалық кеңесі;
Студенттерді әлеуметтік қолдау және
қызмет көрсету бөлімі;
Стоматология факультетінің деканаты