С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың әскери кафедрасының 105 курсанты салтанатты түрде әскери ант қабылдады
ҚазҰМУ-да Әскери кафедра курсанттарының салатанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Антты 2,5 жыл бойы әскери дайындықтан өткен 105 курсант – оның ішінде 44 жігіт пен 61 қыз қабылдады. Курсанттар қарулы күштердің қатарына кірген Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің батыл қорғаушылары болуға, Отанға, ұлтымызға, халқымызға, еліміздің Президентіне, өзінің егемен мемлекетінің Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант берді. Әскери ант қабылдау салтанатына университет әкімшілігі, студенттердің ата-аналары мен оқытушылары қатысты.
Университетіміздің әскери кафедрасының түлектері ҚР ҚК қатарында басқарушылық лауазымдарда әскери қызмет еткенін атап өтуге болады. Олардың ішінде медициналық қызметтің генерал-майоры Т.С.Нұрмагамбетов – ҚР ҚМ Әскери-Медициналық Басқармасының бірінші бастығы, м/қ полковнигі С.Н.Дубинин – ҚР ҚМ бірінші бас провизоры, м/қ полковнигі А.С Высочин – ҚР ҚМ бірінші бас хирургі. Және де қазіргі таңда университеттің әскери кафедрасының түлектері әскерде әскери дәрігер болып жұмыс істейді.
Курсанттардың әскери дайындықтары 2,5 жыл мерзімге созылады. Кафедра әскери қызметте үлкен тәжірибелері бар үздік оқытушылармен қоса оқу-материалдық базамен жабдықталған. Әрине, медициналық қызметтің запастағы офицері болуға ұмтылатындардың саны жетерлік. Дегенмен, әскери кафедраға түсу үшін студенттер жақсы физикалық дайындықты, басқа пәндерден үлгерімінің жоғары болуын қажет ететін үлкен конкурстан өтеді.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген генерал М.Телегусов, проректор Қ.Мұқанов, кафедра мен ҚК ардагерлері әскери ант қабылдаған курсанттарды атаулы күнмен құттықтап, тәуелсіз Қазақстанның шынайы патриоты болуға өз тілектерін білдірді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі