С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» білім беру бағдарламасына оқуға қабылдау
7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» білім беру бағдарламасы (ББ) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарына арналған. Аталған бағдарламаға түсу үшін кандидаттардың басқару қызметінде тәжірибесі болуы тиіс. 7М04103-ЕМВА «Денсаулық сақтаудағы бизнес әкімшілендіру» ББ қабылдау сұхбаттасу нәтижесі бойынша жүзеге асады (сұхбаттасу сұрақтарының тақырыбы 1-қосымша).
Негізгі кезеңдері мен шарттары:
- Құжаттарды қабылдау: 2025 жылдың 6 қаңтарынан 28 ақпанына дейін.
- Оқу мерзімі: 2025 жылдың сәуір айынан 2026 жылдың қаңтар айына дейін.
- Сұхбаттасу күні: 2025 жылдың 10 наурызы.
- Апелляция күні: 2025 жылдың 11 наурызы.
- Сабақтың басталуы: 2025 жылдың 7 сәуірі.
- Оқу ақысы: барлық оқу кезеңінде 1 443 800 теңге.
- Төлем: оқу басталғанға дейін соманың кемінде 50% (721 900 теңге) енгізу қажет, қалған бөлігі Шартқа сәйкес бірінші семестрден кейін төленеді.
Оқуға түсуге арналған құжаттар тізбесі:
- Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш (өтініш нысаны беріледі).
- Жоғары білім туралы диплом қосымшасымен түпнұсқада және оның көшірмесі.
- Жеке куәліктің көшірмесі.
- Өлшемі 3×4 см болатын 6 фотосурет.
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
- Еңбек кітапшасының куәландырылған көшірмесі немесе кадрларды есепке алу бойынша толтырылған парақ.
- Қол қойылған шарт екі данада.
Құжаттар тізбе бойынша толық болған жағдайда ғана қабылданады. Қабылдау емтихан комиссиясының шешімі негізінде, Басқарма Төрағасы-Ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі тұлғаларға хабарласуыңызды өтінеміз:
- Сейдуанова Лаура Бейсбековна – +7 7079492070
- Утепбергенова Жазира Маликовна – +7 701 795 31 09
- Ерманова Фариза Зайтуновна – +7 747 726 3242
1-қосымша
ЕМВА ББ магистратураға түсушілерге арналған сұхбаттасу тақырыптары
- Кәсіби мақсаттары мен мотивациясы:
Сіздің мансаптық мақсаттарыңыз және ЕМВА бағдарламасы оларға жетуге қалай көмектеседі.
EMВA бағдарламасында оқу арқылы қандай кәсіби дағдыларды дамытқыңыз келеді.
- Жеке және кәсіби жетістіктері:
Сіздің EMВA бағдарламасында табысқа жету әлеуетіңізді көрсететін мансабыңыздағы немесе білім саласындағы жетістіктеріңіз.
Өткен тәжірибелеріңізден қандай сабақ алдыңыз және олар сіздің мақсаттарыңызға қалай әсер етті?
- Сіздің тәжірибеңіздің бірегейлігі мен әртүрлілігі:
Сіздің бірегей кәсіби және жеке тәжірибеңіз EMВA бағдарламасының Білім беру қауымдастығына қандай құнды үлес қоса алады.
Сіз әртүрлі мәдени немесе кәсіби контексттерден қандай сабақтар мен дағдыларды үйрендіңіз.
- EMВA бағдарламасы мен білім беру ұйымы туралы хабардарлылығы:
ЕМВА бағдарламасы мен университетті таңдаудағы мотиві.
Университет бағдарламасының сізді қызықтыратын аспектілері мен ресурстары және оның себебі.
- Мәселелерді шешу және көшбасшылық:
Сіз көшбасшы рөлінде болған немесе мансабыңыздағы күрделі мәселелерді шешкен жағдайлар туралы мысал келтіріңіз.
Сіз EMВA бағдарламасында және одан кейінгі кәсіби жолыңызда көшбасшылық туралы алған біліміңіз бен дағдыларыңызды қалай пайдаланғыңыз келеді?
- ЕМВА бағдарламасының сіздің кәсіби дамуыңызға әсері:
Сіздің кәсіби дамуыңыз үшін ең маңызды болып табылатын EMВA бағдарламасының нақты аспектілері.
EMВA бағдарламасы аяқталғаннан кейін алған біліміңіз бен тәжірибеңізді қалай қолдануды жоспарлап отырсыз?