С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ бірінші проректоры және ректордың міндетін атқарушы болып Нұргүл Хамзина тағайындалды
Бүгін, 8 сәуір 2016 жылы Университеттің кеңейтілген Ғылыми Кеңесінде құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерінің және кафедра меңгерушілерінің қатысуымен ректордың міндетін атқарушы, ҚазҰМУ бірінші проректоры – медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұргүл Хамзина таныстырылды. Тағайындау туралы бұйрықты денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой оқып шықты.
«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 111 бабына сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен Хамзина Нұргүл Қалиқызы ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы, бірінші проректор болып тағайындалады».
Бұл тағайындауға дейін Нұргүл Хамзина «Назарбаев Университет» АҚ денсаулық сақтау интеграциялық академиялық жүйесі департаментінің директоры; Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры; Білім, ғылым және кадр ресурстары департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы «Тағамтану институты» ЖАҚ клиникалық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан медицина институтының профессоры; медициналық ғылым және білім департаменті директорының орынбасары, Бөлім бастығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы өңірлік тағамтану мәселелері ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері; патофизиология кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі, ОМИ – Ақмола мемлекеттік медицина академиясының профессоры қызметтерін атқарды.
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой былай деп сөз сөйледі: «денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқан, еліміздің жетекші оқу орнында үлкен кадрлық потенциалдың негізін салып, көптеген шетелдік студенттер үшін осы оқу орнына түсуге деген ынталарын оятып, денсаулық сақтау жүйесі идеологиясында ізін қалдырды. ЖОО стратегиялық құжаттарды әзірлеуге белсене атсалысты».
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі атынан Айқан Ақановты денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы еңбегі, медициналық қауымдастықтың дамуы үшін жайлы жағдай жасағаны үшін алғыз айтқымыз келеді», деп сөз сөйледі Алексей Цой.
Вице-министрдің айтуынша, «ЖОО-ң жаңа басшылығының алдында Назарбаев Университеттен жинаған тәжірибені ескере отырып білім беру технологияларын қолдану міндеті тұр. Барлық медициналық ұйымдар толық дайындықтан өткен, сұранысқа ие түлектерге қол жеткізгісі келеді. Сол себепті медициналық ЖОО-ң негізгі міндеті бүгінгі таңда – практикалық жұмысқа дайындығы бар мамандарды дайындап шығу».
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Қазбек Төлебаев ҚазҰМУ-ң соңғы жылдардағы негізгі жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті. Яғни, «бүгінде ҚазҰМУ халықаралық рейтингілерде жоғарғы орындарда тұрады, өзіндік құндылықтары мен дәстүрлері қалыптасқан, Стратегиялық жоспары, басқарудың жаңа ұйымдық құрылымы әзірленген, ОПҚ академиялық мобильділігі үшін 100 млн. және студенттердің академиялық мобильділігі үшін 30 млн. бөлінеді, студенттерге мықты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. «Ақсай» Университеттік клиникасын қалпына келтіруге 2 млрд. көлемінде өз қаражаты жұмсалды, 100 астам халықаралық серіктестері бар, барлық білім беру бағдарламасын аккредиттеу басталды, еңбек ақысын төлеудің KPI-ға негізделген жаңа дифференцияланған жүйесі енгізілді, ОҚП байыптылығы 59% құрайды, ЖОО бюджеті бірнеше есеге өсті және т.б.».
ҚазҰМУ реторының м.а. Нұргүл Хамзина ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университеті ректорының міндетін атқару ұсынысы үшін үлкен алғысын білдірді.
«Бұл қызметке келгендегі маған жүктелетін жауапкершіліктің үлкен екендігін түсінемін. Көп нәрсеге тоқталғым-ақ келіп тұр, алайда бұл менің бірінші сөз сөйлеуім болғандықтан, қысқа қайырайын. Әлем өзгеріп жатыр, сәйкесінше, тұжырымдамадан бастап сөзге дейін бәрі де өзгереді. Әлеммен бірге өзі де өзгеруге икемділер ғана жетістікке қол жеткізе алады. Өмір бойы мені жетелеп келе жатқан осы ұран кемелдіктің шегі жоқ екендігін көрсетеді. Әсіресе, әлемде қаншама елеулі өзгерістер болып жатқан соңғы он жылдықта бұл мәселенің өзектілігі артып отыр. Оның ішінде денсаулық саласы да бар. Оған Назарбаев Университеттің ашылуы мысал бола алады. Мен бұл университеттің ашылуының басы-қасында болмадым, бір жылдан соң келдім. Бірақ медицина мектебінің ашылуына үлес қосқан команданың құрамында болдым. Назарбаев Университеттің миссияларының бірі ең үздік әлемдік тәжірибелерді қабылдап алу екендігі өте маңызды. Бұл оңай емес, әрине. Бүгін жетістіктер туралы көп айтылды, және мен Айқан Ақанұлының атына, Төрегелді Шарманұлының атына және де барлық ұжымның атына айтылған лебіздерге толық қосыламын. Сіздер, шынында да, көп нәрсеге қол жеткіздіңіздер. Әлі де асар шыңдарымыз көп екенін мен де айтқым келеді. Сол себепті қазір жұмған жұдырықтай бірлесе жұмыс жасау өте маңызды, жаңа сатыда сіз бен біз қадам басатын мақсаттар мен бағыттарды ұғынуымыз өте маңызды. Тағы да айта кетерім: ЖОО қалыптасуының маңызды кезеңі өтті. Бірақ уақыт өзгерістерді талап етеді және біз сол талаптарды орындап үлгеруге тиіспіз. Барлығымызға сәттілік тілегім келеді. Жұдырықтай жұмылып бірлесе еңбек етейік», – деді Нұргүл Хамзина.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі