С.Ж.Асфендияров ҚазҰМУ бітіруші курс студенттері жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрменкесіне қатысты
С.Ж.Асфендияров ҚазҰМУ бітіруші курс студенттері Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылған Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрменкесіне қатысты
2017 жылдың 11 қазанында «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы аумағында орналасқан «Бақшасарай» салтанат сарайында ЖОО бітірушілеріне, студенттерге, жастарға және жұмыс іздеушілерге арналған жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді.
Іс-шара ұйымдастырушылары – Алматы қаласының әкімдігі, ҚММ «Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы». Жәрмеңкеге 100- ден астам жұмыс беруші қатысып, 1000 аса бос жұмыс орындары ұсынылған.
Жәрмеңке барысында Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының жастармен жұмыс істеу бойынша бағытының жаңа форматы таныстырылды. Іс-шара қонақтары ЖОО-ң бітірушілеріне, жастар мен жұмыс іздеушіге тиімді және жұмыс берушімен қарым-қатынасты оңайлату әрі жылдамдату мақсатында Жұмыспен қамту орталығының бастамасымен дайындалған «Jumys.bar» мобильді қосымшамен танысуға мүмкіндік алды.
Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультеттерінің бітіруші студенттері мен «Стоматология» факультетінің интерндері қатысты. Жәрмеңкеде олар медицина саласы бойынша АҚ «Көктем шипажайы», ШЖҚ МҚК «ЖИТС-тің алдын алу және қарсы күрес орталығы», №16 қалалық емхана, Алматы қаласы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасына қарасты ҚММ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» ұсынған бос жұмыс орындарымен танысты.
Іс-шара бағдараламасына сәйкес, стоматолог-интерндер және студенттер жұмыс орындарының өкілдерімен байланыс орнатып, алдын ала олармен сұхбаттасуға, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік алды.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және
бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы