Табысы төмен азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінен шет қалмайды
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алматыда Бақ өкілдерімен кездесіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жаңалықтарымен бөлісті.
Айтуынша, қазір жаңа жүйенің механизмдері нақтыланған заң жобасы әзірленіп жатыр.
Құжатта жарна төлеушілердің барлық санаты бойынша төлем мөлшерлемесін төмендету, жарнасы мемлекет есебінен төленетін азаматтар санатын кеңейту мәселелері қамтылған.
Заң жобасы алдағы аптада Үкімет қарауына ұсынылмақ.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
– Стационарлық ем дейміз ғой, оларға мүмкіндік болмайды. Жедел жәрдем біз береміз. Оны мемлекет тарапынан беріп жатыр. Бірақ жоспарлаған медициналық көмек қажет болса, олар әрине, қалып қалады. Ол барып төлегеннен кейін өте қымбат болып шығады. Ондай мүмкіндіктері жоқ. Дұрыстап түсіндіруміз керек, ол көп ақша емес. Ең төменгі жалақыдан еліміздегі – 5 пайыз. Ай сайын 1200 теңгедей болады. Менің қарауым бойынша, жалпы жылына 15 мыңнан аспайды. Бірақ бүкіл медициналық көмекке құқықтары ашылады.