Талғат Нұрғожин денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесті
Университет ректоры еліміздегі денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан, еліміздің жоғары наградаларымен марапатталған ҚазҰМУ түлектерімен кездесті.
Ректормен кездесуге «Парасат» орденінің иегерлері – Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтын басқарған Мұстафина Жанар Ғабиденқызы, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі, Алматы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Девятко Василий Николаевич, Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Тәжиев Есентай Бөдесұлы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымдағы депутаты; Алматы қаласы мәслихатының депутаты (1994-2012)), ректордың кеңесшісі Мырзабеков Ораз Мырзабекұлы, республикамыздың стоматологиялық қызметін ұйымдастырушыларының бірі Түктібаев Оразгелді Беденұлы, ұзақ жылдар бойы «Алатау» емдеу-сауықтыру шипажайын басқарған, «Құрмет» орденінің иегері, еліміздегі денсаулық қызметінің үздік ұйымдастырушысы және ғалым Құрақбаев Құрал Құрақбайұлы, «Құрмет» орденінің иегері, 1996-2000 жылдары республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі Дүрімбетов Еркін Ермекұлы қатысты.
Талғат Нұрғожин ардагерлердің әрқайсысының денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесін және университеттің мақтанышы болып табылатындығын ерекше атап өтті.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі