Талғат Нұрғожин ҚазҰМУ-дың 2-3 курс студенттерімен онлайн режимде кездесу өткізді
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин жылда ұйымдастыралатын университететтің студенттерімен кездесу өткізді. Биылғы жылы карантиндік режим ережелеріне сәйкес, кездесу онлайн режимде өтті. Кездесудің алғы сөзінде ректор ҚазҰМУ-дың соңғы бірнеше жылдағы жетістіктерін атап өтіп, университет басшылығы студенттер мен оқытушылар алдында ашықтықты қамтамасыз ету керектігін баса айтты.
«Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің жұмысымыз ашық өтеді, бәрін қабылдап, қандай мәселелер болмасын тиянақты қарастырамыз. Өзім әрдайым жұмысқа таңғы 7-де келемін, кешкі 7-ге дейін менің кабинетім ашық. Алдын-ала жазылғанын және келгенін бәрін бірдей қабылдаймын. Егер сізде шешілмеген сұрақтар болса, сіз әрқашан маған келе аласыз және біз бұл мәселені міндетті түрде шешеміз. Бүгін біз 2-3 курс студенттерімен кездесіп отырмын, ертең 4-5 курс студенттерімен кездесемін. Біз студенттермен кездесуді неліктен екіге бөлдік? Себебі, оқу процесінде үлкен айырмашылық бар: егер 4-5 курстар негізінен клиникалық базаларда болса, онда 3-4 курстар көп уақытын аудиториялық сабақтарда өткізеді. Бүгін біз университеттегі өзекті мәселелерді қарастырамыз. Сіз өз сұрақтарыңызды чатта қоя аласыз. Кездесуге біздің проректорларымыз, факультет декандары қатысып отыр, бірге кез келген мәселені талқылайтын боламыз», – деп атап өтті Талғат Нұрғожин.
Студенттер ҚазҰМУ-дың одан әрі жұмыс режимі бойынша, сондай-ақ университетке оқулықтарға келуге бола ма және егер тиісті техника болмаса, онлайн режимде лекцияларды қалай тыңдауға болатынын сұрастырды.
«Әрине, оқулықтарға келуіңіз міндетті. Кітапхана ашық, қай ата-ана баласын кітап оқығанын талап етпейді. Ондай адамдар жоқ шығар. Тіпті менің көзім үнемі компьютер алдында отырғаннан көзім талады, одан гөрі кітап оқығанды ұнатамын. Келіңіз, компьютерлерді қолданыңыз, жатақханадан орын алуға өтініш беріңіз, ол жақта да компьютерлік сыныптарымыз бар. Барлығына көмектесеміз», – деп жауап берді ҚазҰМУ ректоры.
«Мұндай жұмыс форматына біз дайын болдық. Қазір YouTube платформасында біз оқытушыларымыздың дәрістері мен практикалық сабақтарын жариялаудамыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, онлайн форматтағы кез-келген сабақттарды қажет болғанша қайта қарауға, тыңдауға болады. Университеттің кітапхана базасын немесе компьютерлерін пайдаланғысы келетіндерге біздің есігіміз әрдайым ашық!»,- деді Талғат Нұрғожин.
Екі сағаттық кездесу барысында ректор 2-3 курс студенттерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Талғат Нұрғожин онлайн кездесулерді ҚазҰМУ декандары мен проректорларының қатысуымен тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.
ҚазҰМУ-да жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, бакалавриатта оқыту қашықтықтан жүргізіледі. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру процесі Moodle білім беру порталы арқылы жүзеге асырылады. Интернет жүйелері толық режимде жұмыс істейді, сондықтан университеттің барлық электрондық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген, оқу әдебиеттері электрондық форматқа ауыстырылған. Егер студенттерде үйде интернет өте әлсіз болса немесе интернет болмаса, онда карантинге байланысты университет аса мұқтаж адамдарға жатақханада тұруға және оқуға мүмкіндік береді. Студенттерде компьютер/ноутбук, бейнекамера, микрофон болуы шарт.