«Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі» атты этнофестиваль өтті
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі» атты этнофестиваль өтті
2017 жылдың 27 сәуір күні ҚазҰМУ «Сoncordia» театрында Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай, Алматы қаласы Әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіжәне Студенттермен жұмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ҚазҰМУ «Бірлік» Кіші Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі» атты дәстүрлі студенттік этнофестиваль өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында ұлтаралық келісім мен достықты нығайту, Университетте білім алатын әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін сақтауға, салт-дәстүрлерін құрметтеу болып табылады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел»Ұлттық идеясын мұрат тұта отырып, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» көзқарасын қалыптастыру. Студенттік дәстүрлі этнофестиваль – студенттер арасында бейбітшілік пен келісімнің белгісі ретінде Университетіміздің ізгі дәстүріне айналған.
Мерейлікештің қонақтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, «Семиряночка» балалар ансамблі, «Бидульги» корей ансамблі және Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері Қазақ елінде мекендейтін барлық халықтардың ұлтаралық бірлігін паш ететін әуезді әндеріжәне мың бұралған билерімен көрермен қошеметіне бөленді.
Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма