«Таңдалатын жауабы көп тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі (негізгі курс)» семинар – тренингі өтеді
2023 жылғы 11 – 15 желтоқсан аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Таңдалатын жауабы көп тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі (негізгі курс)» семинар – тренингі өтеді.
Курстың мақсаты: «Денсаулық сақтау» бағытындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалаудың тесттері мен емтихан материалдарын әзірлеу үшін қызметкерлер мен ПОҚ арасынан тестолог – мамандарды даярлау.
Бағдарламаның ұзақтығы – 54 сағат, оның ішінде аудиториялық – 36 сағат, өзіндік жұмыс – 18 сағат.
Оқытуды Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының (ҰТЕО) қызметкерлері жүргізеді:
Оқу аяқталғаннан кейін семинар-тренингтің 50 қатысушысына сертификаттар табыс етіледі.