«ТДМ-ға қол жеткізу жолдары: елдік міндеттемелерді Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту арқылы орындау» тақырыбында халықаралық вебинар
24 қарашада «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасы «ТДМ-ға қол жеткізу жолдары: елдік міндеттемелерді Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту арқылы орындау» тақырыбында халықаралық вебинар өткізді.
Іс-шараның модераторы «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ляззат Кошербаева болды.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды жетекші ұйымдастырушылары – профессор Максут Кульжанов, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ТДМ жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Медицина жоғары мектебінің «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының профессоры Айнаш Шаршенова сөз сөйледі.
Вебинарға екі елден докторанттар, магистранттар және студенттер қатарынан 65 тыңдаушы қатысты.
Іс-шара барысында мазмұнды пікірталас өтіп, қатысушылар ТДМ-ға қол жеткізу жолдарын, саларалық өзара іс-қимыл мәселелерін, көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тетіктерін және Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту арқылы елдік міндеттемелерді орындау жолдарын талқылады.
Ұйымдастырушы: Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты кафедрасы (Кошербаева Л.К., Сейдуанова Л.Б., Жорабек С.Б., Толегенова А.М.)








