Терминология мәселелеріне арналған Республикалық ғылыми теориялық конференция
Астанада 2018 жылғы 18 мамырда ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің үйымдасыруымен Назарбаев Университетінде «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференцияға Парламент депутаттары тілші ғалымдар, Республикалық комиссиясының мүшелері , ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.Салалық терминдердің қалыптасуы мен жасалуына атсалысып,ғылыми еңбектер жазып , терминологиялық сөздіктер құрастырып жүрген белгілі ғалымдар мен сала мамандары секциялық отырыста ой бөлісті.
Атап айтқанда конференцияда Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының атқарушы директоры,ф.ғ.к. Ербол Тілешов;
ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Борашев;
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі ф.ғ.д.профессоры Шерубай Құрманбайұлы;
Назарбаев университетінің профессоры, ф.ғ.д Сарқыш Әлісжан;
Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамилоғлы ;
ҚР Парламенті Сенаты аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.д Ербол Әбдірәсілов ;
Сулейман Демирел университетінің профессоры, ф.ғ.д Құралай Күдеринова;
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Сәрсен Құлманов, және басқада ғалымдар қызықты баяндамалар жасады.
Конференцияға ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясы төрағасының орынбасары , ҚазҰМУ профессоры Жауғашты Байназарұлы Ахметов және ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі , ҚазҰМУ доценті Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы қатысып баяндамалар жасап , ұлттық терминологиялық қорды қалыптастыру үдерісінде өз үлестерін қосты.
Қазіргі кезендегі негізгі мақсат терминдер мониторингін жаңаша көзқарас негізінде жүзеге асыру.Терминдердің түрлі саладағы қолданыстарын , мысалдарын , өнімділігін , түрлену ерекшеліктерін , екінші терминмен байланысты тұтастай қамтып көрсете алатын күрделі бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған дерекқор құру. Құрылған база негізінде бекітілген және мемтерминкомға ұсынылған терминдерге жан-жақты мониторинг жасау қажет.