«ТМД үздік студентінің» I дәрежелі диплом иегері
«В072-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Тұрғұмбай Әсет Бақытұлы «БІЛІМ-ӨРКЕНИЕТІ» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығы «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығымен бірлесіп өткізген, «ТМД елдерінің үздік студенті» халықаралық байқауына қатысып, ТМД елдерінде жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ» 1-дәрежелі диплом иегері атанды.




