«Толық адам – тіл арқылы» тақырыбында «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» атты әдеби-музыкалық кеш
2026-жылдың 26-ақпанында Тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, Қожахметова Фарида Бақытжанқызы, Тұрсынбаева Роза Алмабекқызы, Бекпентаева Лейла Сандыбайқызы, Канленова Бақыт Нилқызы, сондай-ақ Ғылыми кітапхана қызметкерлері Елеукенова Салтанат Ахмедоллақызы, Омарова Нұргүл Садуақасқызы, Гисанова Камшат Абаевна «Толық адам» иедологиясы аясында «Толық адам – тіл арқылы» тақырыбында «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.
Кештің мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың «Толық адам» идеологиясы негізінде жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отырған мемлекеттік тіл мәселесіне көңіл бөлу, ұлттардың басын қосатын мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ықпал ету болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жетістіктерін паш ету де назардан тыс қалған жоқ.
Кеш шымылдығын ашқан Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығының басшысы Ақан Лайла Ақанқызы Абайдың «Толық адам» идеологиясының қазіргі қоғамда өте маңызды екеніне тоқталып, қазіргі жастардың бойына отаншылдық сана-сезімді қалыптастыруда бүгінгі кештің айтарлықтай үлес қосатынына сенімді екенін атап өтті.
Кештің арнайы шақырылған қонағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы абайтанушы, ахметтанушы, алаштанушы Жұбай Орынай Сағынғалиқызы «Абай мұрасы – ұлттық мәдениеттің негізгі коды» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына жан-жақты талдау жасап, бүгінгі қоғамда бұл тұжырымдама қандай маңызға ие екеніне арнайы тоқталды. Сонымен қатар ол Абайдың мерейтойымен шектеліп қалмай, Абай иедеяларын жас ұрпаққа түсіндіру үшін осындай кеш өткізуге мұрындық болған университет басшыларына да алғыс білдірді.
Кештің екінші кезеңінде студенттер Абайдың шығармашылығана арналған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Викториналық сұрақтардың «Толғауы тоқсан қызыл» деп аталатын бірінші кезеңі бойынша студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Викториналық сұрақтың «Өлең – сөздің патшасы …» деп аталатын екінші кезеңінде Абай өлеңдерін мәнерлеп оқығаны үшін:
1-орын: Еркінбай Жұлдыз, Тоқтасын Айерке, Шайдиллаева Аяна
2-орын: Кенжебай Назерке, Бахытқалина Назерке, Қалбаева Нұрия, Сейфолллаұлы Нысан,
3-орын: Нұрланова Дариға, Нұрланова Нұрия, Мэлс Айгерім дипломдарымен марапталса, Абай әндерін нақышына келтіріп шырқағаны үшін «Әнді сүйсең менше сүй …» деп аталатын 3-кезеңінде:
1-орын: Валиева Бериван, Нұрланова Дариға, Ибраева Анель
2-орын: Абуталуб Фариза, Қалиахмет Айбол
3-орын Уатай Ақниет дипломдарымен марапатталды.






