Трамвай апаты: Жолаушыларды құтқарған студентке әкімдік кроссфитке абонемент сыйлады
Алматы әкімдігі 2015 жылы 13 қазанда трамвайдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында көлікті тоқтатқан ауған студентіне сыйлық берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жастар саясаты басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Сыдықов студентті жолаушыларды құтқаруға жылдам шешім шығарғаны үшін мақтап, кроссфитке абонемент сыйлады.
Еске салайық, Юсефи апатқа ұшыраған трамвайға ойда жоқта мінгенінайтып берген еді. Осы жол-көлік оқиғасының куәгері болған Хиуаз Сазанбаева студенттің ерлігі туралы жоғары оқу орнының өкілдеріне хабарлапты.
Өзінің оқу орнында құрметке ие болған жігітті Алматы әкімдігі шақырып, алғыс хат пен абонемент сыйлады. «Сіз адамдарды құтқаруға дер кезінде шешім шығардыңыз. Өзіңіз есікті қолмен екі рет, аяқпен 15 рет тепкеніңізді айтып отырсыз. Сондықтан, міне, сыйлығымызды қабыл алыңыз – кроссфиттен ең ірі спортзалға кіруге жылдық абонемент. Жастар арасында осы бағытты белсенді түрде дамытып жатырмыз. Сонда, зал жақта трамвай жүреді. Жаяу бара салатын боласыз», – деп әзілдеді Сыдықов. Айта кетейік, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициалық университетте ол волейболдан Университет Лигасының қатысушысы.
© Әлішер Ахметов
Осыған дейін Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Айқан Ақанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ғылыми кеңесте Башаратты «Университет мақтанышы» галереясынақосуға ұсыныс жасайтынын айтып бергені хабарланды.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 13 қазанында болған жол апатында 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауруханадан шығарылды, ал біреуі, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің қарауында. Оған бассүйек миының ашық жарақаты деген диагноз қойылған. Айта кетейік, осы оқиғадан бұрын, 2015 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда трамвайдың қатысуымен тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Сол уақытта басқарусыз қалған трамвай Шевченко, Масанчи және Байтұрсынов көшелерінде бірнеше автомобильді соғып кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі әлі күнге дәрігерлердің қарауында жатыр.