«Тілдарын-2019» жалпыуниверситеттік тілдер олимпиадасы
2019 жылдың 25 қазанында «Тілдің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында және үш тілде білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында тілдік пәндер кафедрасының ағылшын тілі секциясының оқытушыларымен және Халықаралық медицина факультетімен бірлесе отырып, «Тілдарын-2019» жалпыуниверситеттік, қалалық тілдер олимпиадасы өтті, іс-шараға жауаптылар: доцент Бақтыбаева А.Т., аға оқыт. Ұнасбаева Г.А., Ибраева А.С. Мезгильбаева З.М., Бижанова А.А.. Олимпиадаға 70 –ден астам «ФӨТ», «Педиатрия» мамандықтары бойынша қазақ, орыс бөлімдерінің 1, 2 курс студенттері, сонымен қатар ҚазМҮББУ мен ҚазҰҚПУ-нің студентттері қатысты.
Іс шарада құттықтау сөздерімен ректордың кеңесшісі Мустафина Ж.Г., ХМФ деканы Джардемалиева Н.Ж., жастар саясаты басқармасының бастығы Жолдасбай Н. А. шығып сөйледі.
Олимпиада «Тіл-достықтың көпірі!» тақырыбында брейн-ринг түрінде өткізілді. Қатысушылардың барлығы география, медицина, елтану бойынша өз білімдерін көрсетіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін жауап берді.
Олимпиада студенттердің қызығушылықтарын тудырды және ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын, студенттердің шығармашылық потенциалы мен тілдік құзыреттіліктерін дамыту үшін осындай іс-шаралардың жиі өтілуін атап өтті.
Олимпиада қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды.