Тұрақты даму мақсаттарының 3 бағыты аясында өткен профилактикалық іс-шара
2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ҚазҰМУ-де Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты – «Дені сау ұлт» аясында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараны Куттыбаев А.Д. және стоматология мектебінің СТ24-002қ тобының студенттері ұйымдастырды. Шара барысында қатысушыларға салауатты өмір салты, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және қан қысымын бақылау туралы ақпарат берілді. Нәтижесінде, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңызы түсіндіріліп, қатысушыларға практикалық ұсыныстар берілді.


