ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ: НАҚТЫ ҚАДАМ
Мақсаты: «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» адамзаттың болашағын толық әрі жан-жақты сала бойынша қамтуға мүдделі.
Тұрақты даму мақсаттарын қолдау және аталған масаттарды жүзеге асыру бағында ұйымдастырылған іс шара «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету» бағытында Халықаралық медицина факультеті мен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының 10 күндік іс-шарасы жалғасуда «КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ» клубының «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» бағытын қолдау мақсатында «Блиц-дәрістер және микросеминар» жүргізілуде. «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету» денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған алдын ала жасалатын іс шаралар бойынша «ИММУНОПРОФИЛАКТИКА (ВАКЦИНАЦИЯ). Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы үшін қолданылатын иммунологиялық препараттар. Қазақстан Республикасының егу күнтізбесі» туралы маңызды тақырыптарда Эпидемиология кафедрасынан Бримжанова Мерекеш Дихановна Төрегелді Шарманов атындағы Даңқ залында 1,2 курс студенттеріне дәріс жүргізумен жалғасты.
“Нутрициология” кафедрасының 2 курс магистранттары: Сәбит Мадина, Омирбекова Аяулым, Шукенова Мадина Денсаулық, Сау адам, Диета туралы қызықты дәрістер мен микросеминарлар арқылы студенттердің қызығушылығын арттырып, болашақ мамандардың кәсіби бағытта бейімделуіне әсер беретін түрлі материалдармен бөлісті.
Бұл іс-шаралардың тұрақты даму мақсаттары бағытында әсіресе студенттердің кәсіби салада сыни және шығармашылық ойлауын ынталандыру, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда практика мен теориялық білімін ұштастыру, ізденімпаздығын, жан-жақтылығын дамыту, сапалы біліммен, жан-жақты дамытушылық қабілеттерінің құзыреттілігін қарастыруға ықпал ететін ғылым мен білімнің ортақ интеграциялық даму тұрақтылығын қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.