Тұрақты даму мақсаттары: нақты қадам
Қазіргі таңда әлем елдері қабылдаған жаһандық жетекші құжат болып табылатын қоғамның әр саласының тұрақты болашағына қол жеткізу жоспары» ретінде әзірлеген 17 өзара байланысты мақсаттар жиынтығы бағытында жер жерде, әр түрлі бағыттарда іс шаралар жүргізілуде.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Халықаралық медицина факультеті мен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасында 1 сәуір күні 2025ж. Желтоқсан 37А оқу ғимаратында «КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ» клубының «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» бағытын қолдау мақсатында «Климаттың өзгеруі және денсаулық: бейімделу қиындықтары мен стратегиялары» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, білім беру саласындағы интеграциялық процестерді дамыту, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа ұлттық моделін жүзеге асыру, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар, денсаулық, білім мен тәрбие берудің ғылыми зерттеулерін қарастыра отырып, «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын», «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты ұлттық жобаларды қолдау мақсатында студенттердің дайындаған постерлерімен пікірталас, семинар болашақ мамандар үшін адам денсаулығына пайдалы жақтарын көрсетумен ерекшеленді.
Іс-шара мақсаты «Климаттың өзгеруіне қатысты жасалатын іс-әрекеттер» бағытын қолдауды қамтамасыз ету жолында кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамастан дені сау, болашақ ұрпақтың өсіп өнуіне үлкен себепші болатынын жете түсінуі және ол үшін күресуі қажет екенін саналы түрде ұғыныуы керектігін түсіндіреді. Болашақ мамандардың денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеттерін көрсететін постерлер, плакаттар өте қажетті және маңызыды ақпараттармен қамтылды.
Жыл басынан бастап, бүгінгі күнге дейін жүргізіліп жатқан іс-шаралардың «Тұрақты даму мақсаттары» бағытында әсіресе студенттердің кәсіби салада сыни және шығармашылық ойлауын ынталандыру, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда практика мен теориялық білімін ұштастыру, ізденімпаздығын, жан-жақтылығын дамыту, сапалы біліммен, жан-жақты дамытушылық қабілеттерінің құзыреттілігін қарастыруға ықпал ететін ғылым мен білімнің ортақ интеграциялық даму тұрақтылығын қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.