Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Матишев Әлиакпар Болатұлымен кездесу
Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы
Матишев Әлиакпар Болатұлымен кездесу
Қазақ тағамтану академиясының (ҚТА) мәжіліс залында 22.01.2015ж. Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Матишев Әлиакпар Болатұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми жұмыс және инновациялық жобалар бойынша проректоры Б.А.Рамазанова, ауыл шаруашылығын дамыту ұйымдарының өкілдері, «ҚТА» қызметкерлері, «Нутрициология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 4-5 курс 100-ге жуық студенттері қатысты. Кездесу бүгінгі таңдағы тағамтанудың өзекті мәселелеріне арналған академик Т.Ш.Шармановтың алғы сөзімен басталды. Кездесудің басты мәселелердің бірі ҚазҰМУ университетішілік ғылыми гранттар бөлігі ретінде 2014 жылы «Нутрициология» кафедрасы қызметкерлері орындаған «Отандық және импорттық майлы өнімдерде, кондитерлік бұйымдарда май қышқылдары транс-изомерлерінің мөлшерін зерттеу және денсаулыққа катерлілігін анықтау» атты ғылыми жұмыстарының нәтижесін талқылау болды. Кездесу барысында транс-май қышқылдары мәселелерінің өзектілігі анықталды және Қазақстан Республикасының жүрек-қантамырлары ауруларының алдын-алу мүмкіншіліктері ұсынылды. Төрегелді Шарманұлы FAO/ДДҰ барлық жинақталған фактілерді талдау негізінде денсаулыққа өндірістік транс-май қышқылдарының кез-келген мөлшерін тұтыну қауіпті екенін атап өтті. Транс-май қышқылдары үшін тұтынудың қауіпсіздігінің төменгі және жоғарғы толеранттылық шекарасы жоқ. Транс-май қышқылдарының жоғары мөлшері зерттелген отандық және импорттық өнімдердің ішінде майлы және кондитерлік өнімдердің құрамында анықталды. Академик Т.Ш.Шарманов: «Транс-май қышқылдары бие сүтінің құрамында жоқ және бұл өнім транс-май қышқылдары кездеспейтін, пайдалы тағам өнімдерін дайындау үшін өте қолайлы шикізат болар еді», – сөздерімен өз баяндамасын түйіндеді.